Батыс Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 170 адам жұмыспен қамтылды

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 170 адам жұмыспен қамтылса, соның 100-і бос жұмыс орындары жәрмеңкелері арқылы еңбек орнын тапты.

БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, бұл өткен жылғы бірінші тоқсандағыдан (109 адам) 64,1 пайызға артық. Жұмыспен қамтылғандардың ішінде І топ мүгедегі - 13, ІІ топ мүгедегі - 27, ІІІ топтағысы - 130.

Облыс бойынша 25408 мүгедек болса (бұл - өңір халқының 3,8 пайызы), соның 15690-ы еңбекке жарамды. Соның ішінде 3500-і бұрыннан жұмыспен қамтылған.

Елбасы тапсырмасына сәйкес 4709 мүгедектің еңбекке қабілетті екендігі анықталып, оларды «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы және басқа мүмкіндіктерді қарастыру арқылы жұмысқа орналастыру жалғасатын болады.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз