Батыс Қазақстанда Жеңіс күніне орай майдангерлерге 50 мың теңгеден берілмек

Батыс Қазақстан облысында Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 50 мың теңгеден берілмек.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, өңірде қазіргі таңда 77875 зейнеткер тіркелсе, соның 303-і - соғыс ардагерлері мен мүгедектері, 1539-ы - оларға теңестірілгендер, 21-і - соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері, 934-і - қайтыс болған майдангерлер қосақтары, 10367-сі - тыл еңбеккерлері. Сондай-ақ қаза болған 262 әскери қызметшілердің де отбасылары бар.

 Жеңіс мерекесі құрметіне майдангерлерден басқа Ленинград қоршауында болғандар, концлагерь тұтқындары, арнайы құрамаларда қызмет еткендер, соғыста көз жұмған жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлері, бейбіт кезеңде қызмет бабында қаза тапқан әскери қызметшілер отбасыларына 10 мың теңгеден көмек көрсетілмек.

Сонымен қатар жеңілдік берілген басқа санаттағылар да ақшалай жәрдемақы алмақ.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз