Батыс Қазақстанда жыл соңына дейін баға өспейді

Батыс Қазақстан облысында биылғы жыл соңына дейін коммуналдық қызметтер бағасы өспейді.

Облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашевтің айтуынша, электр жарығы, жылу, газ бен су бағасы бұрынғы қалпында қалады. Бұл бағытта БҚО әкімдігі нақты шараларды қолға алды. Айталық, арзандатылған газбен қамту жөнінде Новенький газтурбиналы стансасы мен «Жайықмұнай» ЖШС арасында 2008-2013 жылдарға меморандумға қол қойылған болатын. Осыған облыс әкімдігі араласып, қосымша жеңілдетілген газбен қамтуға келісілді. Соның нәтижесінде станса биыл арзан газбен қамтамасыз етілді. Бұл стансаның облысқа электр қуатын әр кВт үшін 8 теңге 20 тиынға емес, меморандумға сәйкес төмендетіп, 8 теңгеден босатуға мүмкіндік берді. Оған қоса стансада жылу трассасын салу жұмыстары жүргізілуде. 2015-2016 жылдары ол салынып бітіп, станса Орал қаласына жылу беретін болады. Оның жылуы «Жайықжылуқуат» АҚ-да өндірілетін жылу қуатына қарағанда, арзан болады. Мұның тарифті қалыпты ұс¬ауға ықпалы мол. «Жайықжылуқуат» жылына 30 мың гигакалория өндірсе, станса соның 20 пайызын өндіреді. Яғни жылу беретін қосымша көз ашылып, бәсекелестік орта қалыптасады.

Тағы бір түйткілді мәселе, «Жайықжылуқуат» пәтерлерге жылуды әр шаршы метріне 106 теңгеден босатады. Бұл баға өзін ақтамайды. Себебі «ҚазТрансГазАймақ» компаниясынан газдың 1 мың текше метрі 16607 теңгеден сатып алынады. Тарифте ол 12 мың теңге деп көрсетілген. Сонда 4607 теңге шығын деген сөз. Компания жылына 250 млн. текше метр газды пайдаланады, мұны 4607 теңгеге көбейткенде, жылдық шығын 1,3 млрд. теңгеге жетеді. Сондықтан әлеуметтік газға қатысты әңгіме айтылып келеді. Қарашығанақтан технологиялық себептерге байланысты газ алу мүмкін емес. Өңірде газ өңдейтін зауыт салынбайынша, арзан газ болмайды. Осы мәселені шешу мақсатында таяуда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен «Жайықмұнай» ЖШС-мен үш жылдық меморандумға қол қойылды. Олар аталмыш 4607 теңгені газбен өтейтін болады. Осындай шараның көмегімен тарифтің көтерілуі тежеліп отыр.

Сонымен қатар облысты арзандатылған 40 МВт электр қуатымен қамтып отырған «ҚПО б.в.» компаниясымен де 800 млн. теңге бөлу жөнінде келісім жасалды. Өйткені Бөрлі ауданы мен Орал арасындағы электр желілерінің жағдайы мәз емес. Бағдарлама үш жылға есептелген. ҚПО биыл осы қаржының бір бөлігін, яғни 300 млн. теңгені аударып, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ мердігерді анықтады. Бөрлі ауданындағы қосалқы станса жаңғыртылады, келесі жылы желілер жаңартылады.

Биыл облыста «Батыс Пауэр» компаниясы 200 МВт-тық газ-турбиналы станса құрылысын бастады. Келесі жылы ол іске қосы-лады, сонда облыс 100 пайыз жергілікті электр қуатымен қамты-латын болады. Тек Бөкей ордасы ауданындағы екі ауыл техноло-гиялық себептерге байланысты 7 мың кВТ электр қуатын Ресейден ала бермек. Сондай-ақ қазір инвестормен Жәнібек ауданында 1-8 МВт-тық газпоршеньді станса са¬лу жайында келіссөздер жүргізілуде. Онда жоғары қысымды газ, қосалқы станса бар. Мұны жүзеге асырған кезде облыс орталығы мен Жәнібектің қашықтығына байланысты желілердегі қуатты жоғалту көрсеткіші азаяды, яғни электр қуатымен қамту сапасы жақсарады.

Оралда қоғамдық көлікте де бағаны көтермеу жолында шаралар алынуда.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз