Батыс Қазақстаннан шыққан әскери генералдың бірі - С.Тауланов

Батыс Қазақстан облысынан шыққан әскери генералдар аз емес. Соның бірі - генерал-майор Сәбит Тауланов.

Сәбит Тауланов Жәнібек ауданында дүниеге келген. Ол 1962 жылы Жәнібектен сегізжылдық мектепті тәмәмдап, Орал ауыл шаруашылығы техникумында білім алады. 1969 жылы Ташкент жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 1977 жылы жоғары офицерлер курсын, 1978 жылы Термез педагогикалық институтын, 1985 жылы Мәскеудегі әскери-саяси академияны бітірген. Әскери салаға көп еңбек сіңірген қайраткердің педагогикада да өзіндік қолтаңбасы бар, тарих ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы. 1966-1982 жылдар аралығында Түркістан және Ленинград әскери округтерінде қызмет етеді. 1979-1982 жылдары Ауғанстан аумағындағы соғысқа қатысады. 1985-1988 жылдары Ленинград әскери округі штабы саяси бөлімінің бастығы, ал 1988-1991 жылдары Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінде әскери-саяси бөлім бастығы болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ҚР Қорғаныс министрінің  көмекшісі, ҚР Қорғаныс министрлігінде кадрлар және әскери білім департаментінің бастығы қызметтерін атқарды. 1999 жылы  құрметті еңбек демалысына шықса да, әскери салада жинақтаған бай тәжірибесін кейінгі буынға бөлісіп, әлі күнге қызмет ортасында жүр. Қазір Алматы облысындағы әскери үлгіде дәріс беретін «Арыстан» арнайы мамандырылған лицейінің директоры.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз