«Батыс Қазақстанның ежелгі көшпенділері» атты ғылыми еңбек жарық көрді

Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы жаңа ғылыми еңбек - «Батыс Қазақстанның ежелгі көшпенділері» атты кітапты үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) шығарды.

Аталған монография авторлары - белгілі ғалым, орталық директоры, тарих ғылымдарының докторы Мұрат Сыдықов пен ғылыми қызметкер Яна Лұқпанова.

М.Сыдықовтың сөзіне қарағанда, соңғы жылдары археологиялық қазбаларды зерттеуге ерекше мән беріліп келеді. Қазіргі кезде облыс аума­ғында он мыңнан аса тарихи-мәдени ескерткіш анықталып, соның 1966-сының төл­құ­жаты жасалды. Аталған еңбек 2012 жы­лы Теректі ауданының Долин ауылы маңындағы Тақсай I кеше­ніндегі №6 обадан табылған жә­дігерлерді зерттеу нәтижелері негізінде жазылды.

Жалпы, Орал өңірінде ұзақ жыл­дар бойы жүргізілген археоло­гиялық зерттеулер бұл аймақты мекендеген халықтың сонау ерте темір дәуірінде-ақ қайталанбас мәдениет қалыптастырғандығын көрсетіп отыр. Батысында скифтермен және савроматтармен, оң­түстігінде сақтармен, солтүс­ті­гін­де және шығысында отырықшы 
орманды дала халықтарымен ше­каралас қоныстанып, туыстық және тілдік жақындықта болған Орал өңірі номадтары Балқаннан Солтүстік Қытайға дейінгі ұлан­ғайыр алапты алып жатқан Еу­разия кеңістігінде жаңа техноло­гиялар мен мәдениеттің таралуына зор ықпал етті. Осы жағынан алғанда, бұл монографиялық еңбек тарихымызды түгендеп, зерделеу­ге қосылған сүбелі үлес болмақ.

Сонымен қатар Тақсай I оба кешенінен табылған жәдігерлер не­гізінде жасақталған «Алтын ханшайым» және «Тақсай тарағы» ат­ты екі буклет те жарыққа шықты.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз