Батысқазақстандық ақын Астана күніне арналған айтыста үшінші орынды иеленді

Астана қаласында «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» атты көшпенділер өркениеті фестивалі аясында елорда күніне арналған республикалық ақындар айтысында батысқазақстандық Эльдар Иқсанов жақсы өнер көрсетті.

Белгілі айтыс ақыны Бауыржан Халиолланың хабарлағанындай, финалға шығып, тапқыр ой, өрнекті сөздерімен ерекшеленген Эльдар үшінші орынды иеленді.

Эльдар Иқсанов - республикалық жыр сайыстарына қатысып жүрген жас ақын. Жуырда ол Оралда өткен «Арман жырым - Ақ Жайық» атты республикалық ақындар айтысында бақ сынаған болатын.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз