Батысқазақстандық ардагер А.Шораев ҚР спорт қайраткері атанды

Батысқазақстандық ардагер Асқар Шораев ҚР спорт қайраткері атанды.

Асқар Шораев - Ақжайық ауданының түлегі. Еңбек жолын Теміртауда Елбасымен бірге бастаған оның спорт саласында жеткен табыстары да аз емес. 1960 жылы шаңғыдан КСРО спорт шебері атанса, бір жылдан кейін велоспорттан да осындай биікке қол жеткізді. Көптеген шәкірттер тәрбиелеген А.Шораев 2009 жылы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырущысы атанды.

Биыл 75 жылдық мерейтойын атап өткен ардагер өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, спорт шараларына да демеушілік етіп келеді.

Ақжайық ауданында Спорт күніне арналған шаралар велошерумен басталып, мұнда А.Шораевтың спорт пен еңбектегі жетістіктері жария етілді.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз