Батысқазақстандық балғын ескекшілер Самарада өткен жарыстың жүлдегері атанды

Оралдағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Самара қаласында КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы К.Качаевты еске алуға арналған академиялық есуден өткен дәстүрлі ашық жарыстан олжалы оралды. 

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен Екатерина Ишутинаның хабарлағанындай, әсіресе, 1999 жылғы және одан кіші жастағылар арасында бәсекеге түскен Азамат Тоқсанов 1 мың метрлік қашықтықта чемпион атанып, алтын медальді жеңіп алды. Осы жекелей сында тағы бір оралдық ескекші Иван Матвиенко үшінші келді. Ал 1997-1998 жылғылар арасында Даниил Савченко 1 мың метрліктен күміс жүлдені иеленді. 

Жасөспірімдерді Алексей Разживалов пен Дмитрий Филимонов баптап келеді.

null

null 

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз