Батысқазақстандық балуан Е.Ларионова жастар арасында Азия чемпионы атанды

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен әйелдер күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында батысқазақстандық балуан Екатерина Ларионова жеңімпаз атанды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан Әскербек Нұрмұқановтың хабарлағанындай, 63 келі салмақта күрескен Екатерина жартылай финалда жапон, соңғы бәсекеде моңғол қызын ұтты.

Бұрын кадеттер арасында Азия, әлем біріншіліктерінде үздік шыққан Е.Ларионова жастығына қарамастан, өткен жылдан бері ересектер арасында да сынға түсіп жүр және ол жеміссіз де емес. Әкесі Алексей баптайтын Екатерина ересектер арасында 2013 жылы Будапеште әлем, биыл Астанада Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.

http://www.kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз