Батысқазақстандық балуан Нұрлан Бекжанов Ақжүрек Таңатаровты тізе бүктірді

Тараз қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен ересектер арасында өткен халықаралық турнирде батысқазақстандық балуан Нұрлан Бекжанов жеңімпаз атанды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Өзбекстан, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Иран, Грузия, Тәжікстан, Украина елдерінен 120-дай спортшы қатысып, 57-ден 125 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде күш сынасқан.

Айта кетейік, 70 келі салмақта боз кілемге шыққан Нұрлан Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровты тізе бүктірген. Осы салмақта жүлдегер атанғандардың бәрі де - қазақстандықтар. Данияр Қайсанов күміс жүлдені жеңіп алса, Болат Сақаев пен Цотне Барамидзе үшінші орынды бөлісті.

ә

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз