Батысқазақстандық дзюдошы А.Мұқанов жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайды

Батысқазақстандық дзюдошы Азамат Мұқанов жуырда Германияның Зинденфилген қаласында Еуропаның ашық кубогі үшін өткен жарыста жеңімпаз атанды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Әскербек Нұрмұқановтың айтуынша, 73 келі салмақта әуелі Германия, Кипр, Румыния және Франция елдерінің дзюдошыларын жеңген Азамат финалда тағы бір қазақстандық Сергей Лиммен белдесіп, одан басым түсті. С.Лим А.Мұқановтың Қазақстандағы негізгі қарсыласы болып есептеледі. Өткен жылы Азамат Сергейден ұтылып қалған болатын. Бірақ Азамат соның есесін Рио-де-Жанейрода дзюдодан өткен әлем чемпионатында қайырып, қазақ жастары арасынан алғаш рет күміс жүлдегер атанған еді.

А.Мұқановты бапкерлері Берік Жетпісбаев пен Сайын Ерғалиев жаттықтырады. Биылғы басты жарыс - Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында 19 қыркүйек - 4 қазан аралығында өтетін ХVІІ жазғы Азия ойындары. Осы додада Азамат 66 келі салмақта қазақ елінің намысын қорғайды.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз