Батысқазақстандық каратэші халықаралық жарыстарда топ жарды

Жуырда Алматы қаласында каратэден Орталық Азия біріншілігі мәреге жетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран және Қазақстан елдерінен 300-ден астам спортшы қатысты.

Батысқазақстандық Дархан Темірәлиев 12-13 жас аралығындар арасынан 45 келі салмақта бес кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ол финалда қырғыз каратэшісін тізе бүктірді. Бұдан бұрын Дархан Грузияда өткен халықаралық жарыста топ жарған болатын. Д.Темірәлиев жастығына қарамастан, қазірдің өзінде спорт шеберлігіне үміткер.

Орталық Азия чемпионатында сондай-ақ Оралдан барған Ринат Ахметжанов, Бекарыс Елемесов, Дәурен Ілиясов, Зәкір Сағитов жүлдегер атанды. Оларды каратэ-до шотоканнан әлем чемпионы Ринат Мерғалиев жаттықтырады. Қазіргі кезде каратэшілер «Стамбул-Опен-2014» халықаралық турниріне әзірленуде.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз