Батысқазақстандық қос каратэші ел чемпионы атанды

Астана қаласында 10-13 жастағы балалар арасында каратэ-додан өткен ел біріншілігінен БҚО құрамасы олжалы оралды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталған жарысқа елімізден 17 команда құрамында 300-дей спортшы қатысты.

Батыс Қазақстаннан 10 каратэші бағын сынап, екі алтын, қос қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бесінші орыннан көрінді.

Әсіресе, Руслан Дәулеткереев 40, Әлихан Сартаев 45 келі салмақта Қазақстан чемпионы атанды. Ал Эдуард Алиев (50 кг) пен Нұркен Хамидолла (30 кг) қола медальді иеленді. Батысқазақстандық балғын каратэшілерді Ринат Мерғалиев пен Қуаныш Қайыр жаттықтырады.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз