Батысқазақстандық самбошы әлем кубогі кезеңінде жеңімпаз атанды

Бургус қаласында (Болгария) өткен самбодан әлем кубогінің бесінші кезеңінде батысқазақстандықтар Болатбек Райымқұлов пен Ерболат Байбатыров жүлдеге ілікті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Б.Райымқұлов 52 келі салмақта жеңімпаз атанды. Бұл салмақта тағы бір қазақстандық Бейімбет Қанжанов күміс, ресейлік Николай Павлов қола жүлдеге қол жеткізді. Бірнеше дүркін әлем чемпионы Е.Байбатыров 57 салмақта күресіп, бұл жолы қола жүлдені иеленді. Мұнда тәжікстандық Ахмалиддин Каримов алтын, ресейлік Илья Тухватуллин күміс жүлдені еншіледі.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз