Батысқазақстандықтар 328 қарумен қош айтысты

Бүгін «Казармапром» ЖШС-ының цехында тұрғындар ерікті түрде тапсырған 328 дана қару жойылды.

БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мүсілім Жәрдемовтің айтуынша, атыс қаруын, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыру шарасы өткен жылғы 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін жүргізіліп, азаматтарға 12 млн. астам теңге төленді.

Аталған шара биыл да жалғасады, бұл мақсатқа 13 млн. теңге бөлініп отыр. Тұрғындардың қаруды өз еркімен тапсыруы оларды қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен құтқарады.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз