Биыл Жымпиты-Қаратөбе аралығындағы жолды күрделі жөндеуді бітіру көзделуде

Биыл Сырым мен Қаратөбе ауданы орталықтарын жалғастарын күре жолды күрделі жөндеуді бітіру көзделіп отыр.

Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, Жымпиты-Қаратөбе жолының жалпы ұзындығы - 96 шақырым, соның 14,5 шақырымына қатқыл табанды жол төсеу ғана қалып тұр. Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттен  1 млрд. 399,329 млн. теңге бөлінген. Сонымен қатар Қаратөбе ауылының өзінде ұзындығы 4,6 шақырым ауылішілік жолдың белгілі бір бөлігін ретке келтіру жоспарлануда.

Аталмыш жолды күрделі жөндеу жұмысын «Асфа» ЖШС (басшысы Иван Инютин) атқаруда.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз