БҚО-да 42 жылқы жоғалып кетті

17 шілде күні Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округіндегі «Қазбеков» шаруа қожалығының 42 бас жылқысы жоғалып кетті.

16 шілде күні мал иесі өрісте жатқан жылқысын түгендеп қайтқан. Келесі күні үйірлі жылқыдан көз жазып қалған. 17-20 шілде күндері шаруашылық жоғалған малды өздері іздеген. Нәтиже шықпағаннан кейін аудандық ішкі істер бөліміне жүгінген.

Тасқала аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полковник  Сақыпкерей Сағышевтің айтуынша, қазір үш топ құрылып, іздестіру жұмыстарымен айналысуда. Кеше олар Ақжайық ауданы, Жалпақтал өңірін шолып шықса, бүгін Қазталовтың Қайыңды жағына кетті.

Жылқының жоғалуының басты себептерінің бірі, ол бағылмайды. Оның үстіне Тасқала шекаралас аудан болғандықтан, мал Ресей асып кетсе, табылуы тіпті қиындай түседі.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз