БҚО-да 53 жастар жобасы жүзеге асырылып жатыр

Батыс Қазақстан облысында жастар мен студенттік ұйымдар үшін әлеуметтік маңызы бар 53 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы BNews.kz тілшісі БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір аймақта жастардың саны 167 мың адамды құрайды. Олардың 4,3% жұмыссыз. Жоғары және арнаулы орта білім беру ұйымдарының 3735 жас маманын жұмыспен қамту қажет. Мүдделі мемлекеттік органдар мен кәсіпорын басшылары осы бағытта бірлесе жұмыс атқаруда.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біздің облыста жастардың мәселесін шешу бағытында іс-шаралар атқарылып келеді және жастардың идеясы мен жобаларын іске асыруда тәжірбиеміз бар», - деді облыс әкімі Н.Ноғаев.

БҚО-да 87 жастар ұйымы тіркелген, олардың 67-сі қалаларда, ал 25-і аудандарда жұмыс істеп жатыр. Жастарға арналған жобаларға облыста 84,8 млн теңге қарастырылған.

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз