БҚО-да 77 мың адамның зейнетақысы ұлғайды

Батыс Қазақстан облысында 77 мың адамның зейнетақысы ұлғайды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың облыстық филиалына сілтеме жасап.

1 сәуірден бастап зейнетақы, жәрдемақы мен азаматтық қызметкерлердің жалақысы өсті. Теңге бағамының өзгеруіне байланысты әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы шешім қабылданған болатын. Сөйтіп жыл басынан бері мыңдаған батысқазақстандық зейнеткердің зейнетақысы артқан.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың облыстық филиалының хабарлауынша, аймақта 77 мыңдай қарт бар. Олар сәуір айынан бастап өткен жылға қарағанда 14 пайызға өскен зейнетақы ала бастайды. Қазір елімізде орташа зейнетақы мөлшері 46 мың 660 теңгені құрап отыр.

«1 сәуірден бастап зейнетақы 14 пайызға өсті. Ал 2014 жылдың қаңтарында зейнеткерлікке шыққандардың зейнетақысы 4,59%-ға көбейдіү Жәрдемақы өткен жылға қарағанда 12%-ға жоғарылады», - деді Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың облыстық филиалы директоры А.Қожымов.

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз