БҚО-да «Ақжайық - өлкем» ән орындаушыларының байқауы өтуде

Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында өңірге танымал сазгер, КСРО мәдениетінің үздігі Ғұбайдолла Хибашевтің әндерін орындаушылардың байқауы өтуде.

Оған өңірдің Ақжайық, Жаңақала, Сырым, Теректі аудандарынан, Орал, Атырау және Ақтөбе қалаларынан үміткерлер қатысуда.

Аталмыш байқау алғаш рет 2012 жылы ұйымдастырылған болатын. Ондағы мақсат - қазақтың сазгерлік өнеріне сүбелі үлесін қосып жүрген талант иесі, бүгінде 90-нан астам әннің авторы, мәдениет саласының ардагері, осы ауданның түлегі Ғ.Хибашевтың шығармашылығын кеңінен насихаттау.

Айтулы шара басталар алдында әншілерді аудан әкімі Нариман Төреғалиев қабылдап, Ғұбайдолла Хибашевты және оның өнердегі шәкірттерін, байқауда бақ сынауға келген әншілерді құттықтады. Ол Ғ.Хибашевқа және құрамында ҚР еңбек сіңірген әртісі Сәуле Таудаева, халықаралық ән байқауларының лауреаты Марат Сарбөпеев, республикалық, халықаралық ән байқауларының лауреаттары Дәуренбек Мерғалиев пен Төремұрат Ермеков бар қазылар алқасы мүшелеріне естелік сыйлықтар тапсырды.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз