БҚО-да бөлшек сауда көлемі 93,7 млрд. теңгеге жетіп, 11,9 пайызға артты

Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші жартыжылдықта бөлшек сауда көлемі 93,7 млрд. теңгеге жеті, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 11,9 пайызға артық.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде сауда кәсіпорындары 44,7 млрд. теңгенің, базарлардағы сатушылар мен сауда нысаны бар жеке кәсіпкерлер 49,0 млрд. теңгенің тұтыну тауарларын өткізді.

Ірі және орта кәсіпорындар 23,1 млрд. теңгенің (24,7 пайыз), шағын кәсіпорындар 21,6 млрд. теңгенің (23 пайыз), жеке кәсіпкерлер 34,5 млрд. теңгенің (36,8 пайыз), базарлар 14,5 млрд. теңгенің (15,5 пайыз) тауарын сатты.

Бөлшек саудада азық-түліктік емес тауарлар басым (61,8 пайыз).

kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз