БҚО-да «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны басталды

Батыс Қазақстан облысында «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны басталды.

БҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының директоры Светлана Ермекқалиеваның айтуынша, бүгіннен бастап орталық қызметкерлері дәрігерлермен бірге емханаларда, денсаулық мектептерінде отбасыны жоспарлау, ана мен бала денсаулығын қорғау, жасөспірімдерді ерте жүктіліктен сақтандыру және басқа өзекті мәселелер бойынша өтіп жатқан семинар-тренингтерге қатысып, ақпараттық-насихат, түсінік жұмыстарын жүргізуде.

Аталмыш орталық негізінен 17-23 наурыз аралағында өтетін шараларға жауапты. Бұл кезеңде өңір мектептерінде, оқу орындарында, емханаларда, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында адамның өз денсаулығын күтіп, салауатты өмір салтын ұстануы, түрлі кеселдердің алдын алу бағытында шаралар жоспарланып отыр.

«Әркімнің денсаулығы өз қолында. Егер адамдар, әсіресе, жастар ерте бастан өз саулығын ойлап, өздерін жат әдеттерден аулақ ұстаса, олардың өмірі де ұзақ, көңілі де көтеріңкі болады. Бұл - түптеп келгенде, мемлекеттің, қоғамның байлығы. Сонда келешегіміз де кемел болады», - деп түйіндеді ойын С.Ермекқалиева.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз