БҚО-да егін ору жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысында 316 мың гектар алқапқа егілген дәнді дақылдарды жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Күздік бидайдың әр гектарынан 14,9 центнерден өнім алынды. Бұл жөнінен ең астықты аудан Зеленовта өнімділік жоғары, мұнда әр гектардан 18,4 центнерден өнім жиналуда.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы және тұқым инспекциясы бөлімінің басшысы Денис Омашевтің сөзіне қарағанда, өңірде күздік дақылдарды жинау жұмыстары 84 пайызға орындалды. Тасқала, Шыңғырлау аудандарында күздік дақылдарды ору аяқталды. 

Орал қаласына қарасты шаруашылықтарда, Бөрлі ауданында күздік жинау сәйкесінше 96 және 94 пайызды құрады. Жалпы, биыл өткен жылғыға қарағанда, егін бітік шықты, ендігі міндет ел ырысын төкпей-шашпай, уақтылы жинап алу болып отыр. Қазір кейбір шаруашылықтар күздік дақылдарды жинауды аяқтап, жаздық бидайға кірісіп кетті.   

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз