БҚО-да ең мерген полицей анықталды

БҚО ішкі істер органдарының қызметкерлері жауынгерлік нысана көздеуден жарысқа түсті.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ҚР Ұлттық ұланы 5517-әскери бөлімінің «Сұңқар» полигонында өткен біріншілікке 17 команда қатысып, қорытындысында Тасқала аудандық ішкі істер бөлімі бірінші, Орал қалалық ішкі істер басқармасы екінші, жәнібектіктер үшінші орынды еншіледі. 

Жекелей сында «ПМ-2» қаруымен нысана көздеуден Орал қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің аға тергеушісі, полиция капитаны Альбина Молдашева жеңімпаз атанды. «ПМ-3» және «ПМ-4» қаруынан БҚО ІІД қызметкері, полиция майоры Бауыржан Оспанов, «ПМ-6» қаруынан БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы, полиция лейтенанты Талғат Барасов, «АК-3» қаруынан Тасқала ауданынан келген полиция аға лейтенанты Сағидолла Биғазиев, «АК-4» қаруынан оралдық полиция аға лейтенанты Тілек Қожамберлиев жеңімпаз атанды.

Осы жарыс үздіктері қыркүйек айында Шымкент қаласында жауынгерлік қарудан нысана көздеуден өтетін ҚР ІІМ чемпионатына қатысады.

null

null

null

null

null

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз