БҚО-да ет өңдеуде мүмкіндік мол - «Қазагроқаржы» АҚ басқарма төрағасы

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Батыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келген «Қазагроқаржы» АҚ басқарма төрағасы Ғұмар Рахымжановты қабылдап, ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері жөнінде әңгімелесті.

Кездесуде өңір басшылығы мен «Қазагроқаржы» АҚ бірлесіп қолға алған ірі жобаларды жүзеге асыру жайы сөз болды.

Ғ.Рахымжановтың сөзіне қарағанда, облыста ет өңдеуде мүмкіндік мол. «Қазагроқаржы» АҚ өңірдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына 2012 жылы 1 млрд. теңге, 2013 жылы 3 млрд. астам теңге несие берсе, алдағы уақытта да инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілетін болады. Мәселен, облыста ірі қара етін экспорттық бағытта өңдеуге бағытталған мал бордақылау кешендеріне басымдық берілуде. Батыс Қазақстан қазақтың ақбас сиырымен бұрыннан белгілі болса, «Батыс Марка Ламб» ЖШС «Қазагроқаржының» қолдауымен Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылы маңында қой (тоқты) етін өңдейтін комбинат салуда.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз