БҚО-да ірі қара саны жарты миллионға жуықтады

Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші жартыжылдықта 23909,4 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. 

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бұл өткен жылғыдан 2,9 пайызға артық. Соның ішінде 23861,2 млн. теңгенің мал, 16,5 млн. теңгенің өсімдік шаруалығы өнімдері өндірілді. Алты айдағы мал мен құс еті (тірілей салмақта 34,4 мың тонна) - 3,3, сиыр сүті (111,5 мың тонна) - 0,7, тауық жұмыртқасы (79,5 млн. дана) 16,8 пайызға өсіп отыр.

Биылғы 1 шілдедегі есеп бойынша ірі қара саны 499,5 мыңға жетіп, жарты миллионға жуықтады, бұл өткен жылғы осы кездегіден 7,5 пайызға артық. Сондай-ақ, қой (1100,2 мың) - 13,9, ешкі (232,9 мың) - 3,6, жылқы (121,8 мың) 14,4 пайызға көбейді. Тек түйе (3,1 мың бас) - 1,5, шошқа (27,7 мың) - 2,7, құс (963,6 мың) 7 пайызға кеміген. 

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз