БҚО-да қалалықтар саны артты

Батыс Қазақстан облысының халқы 626,4 мыңға жетті.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағандай, соның 309,5 мыңы немесе 49,4 пайызы - қала, ал 316,9 мыңы немесе 50,6 пайызы - ауыл адамдары.

Жыл басынан бері облыс халқы 2449 адамға, соның ішінде қалалықтар 2466 адамға көбейсе, есесіне ауыл тұрғындары 17 адамға азайды.

Биылғы бес айда 5227 нәресте тіркелді, бұл өткен жылғыдан 4,8 пайызға артық. Бес айда 2323 адам өмірден өтіп, өткен жылғыдан 12,3 пайызға кеміді.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз