БҚО-да қысқа дайындық жұмыстары уақтылы жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысында қысқа дайындық жұмыстары уақтылы жүргізілуде.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Рыспай Өтешевтің айтуынша, қысқы жылыту маусымына әзірлік жұмысына, сонымен қатар қатты және сұйық отын сатып алуға 4725,2 млн. теңге бөлінген болатын. Осы қаржының 724,3 млн. теңгесі коммуналдық кәсіпорындардың құрал-жабдықтары мен желілерін күрделі жөндеуден өткізуге берілсе, 1235,5 млн. теңгесі «Ақбұлақ» және тұрғын үй-коммуналдық шарушалықты  жаңғырту бағдарламасы аясындағы 4 жобаны жүзеге асыруға қаралды. Қалған 2114,5 млн. теңге білім саласының 18 нысанын жөндеуге және 651 млн. теңге сұйық және қатты отын сатып алу жұмыстарына жұмсалуда. Алдағы қысқа өңірдегі бюджеттік мекемелерді жылыту үшін барлығы 9,3 мың тонна көмір және 2,8 мың тонна сұйық отын керек болса, күні бүгін 8,03 мың тонна көмір мен 2,13 мың тонна сұйық отын жеткізілді. Орталықтандырылған жылу көздері арқылы жылытылатын білім нысандары 98, денсаулық нысандары 95, әлеуметтік нысандар 81 пайызға және тұрғын үйлердің 65 пайызы дайын тұр. Сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлінген қаржы мен коммуналдық кәсіпорынның өз қаражатына 13,4 км жылу желісі (жоспар бойынша 15,4 км), 13,6 км су құбыры мен кәріз жүйесі (12,4 км), 2391,6 км электр желісі (2655,8 км) жөнделіп, жаңғыртылды.

Қысқа дайындық барысында «Жайықжылуқуат» АҚ жоспарланған 434,2 млн. теңгенің 398,7 млн. теңгесін игерді. Нәтижесінде тиісті қазандықтар жөнделіп, қаладағы Еуразия даңғылы бойындағы ұзындығы 2,9 км трасса жаңғыртылды. Бұдан басқа ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша ұзындығы 3,158 км трасса жаңартылуда. «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ қысқа дайындық жұмысына бөлінген 173 млн. теңгенің 143,6 миллионын игеріп, жоспарланған жұмыстың 83 пайызын орындады. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ БҚО өндірістік филиалы газ шаруашылығын ағымдағы жөндеуден және газ құбырларын күрделі жөндеуден өткізу үшін бөлінген 25,3 млн. теңгенің 19 млн. теңгесін жаратты. «Батыс су арнасы» ЖШС жоспардағы 91,7 млн. теңгенің орнына 93,2 млн. теңгенің жұмысын тындырды.

Қазіргі таңда коммуналдық кәсіпорындарда жөндеу және құрал-жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз