БҚО-да мас күйінде көлік айдаған 216 адам қамауға алынды

Биылғы сегіз айда облыс соттарында автокөлікті мас күйінде айдауға байланысты 1302 іс қаралып, 1081 адам көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Облыс прокурорының орынбасары Халидолла Дәуешевтің айтуынша, прокуратураның талап етуімен сондай-ақ мас күйінде автокөлік айдаған 216 адам қамалды.

БҚО прокуратурасы сонымен қатар сот шешімдерінің орындалуына байланысты жол-патрульдік полиция органының қызметіне тексеру жүргізді. Тексеріс барысында кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартпау, олардың әкімшілік жауапкершіліктен жалтаруына жол беру сынды өрескел құқықбұзушылық анықталды.

Прокуратура ұсынысына сәйкес, БҚО ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп, екі полиция қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тартты. Мас жүргізушіге хаттама толтырмағаны және есепке жалған деректер енгізгені үшін ҚР ҚК 314-ші бабы 2-ші бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз