БҚО-да тарихтағы аты қалған аналарға қатысты көрме ашылды

БҚО тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлемнің құдірет күші - аналар» атты көрме ашылды.

Оған қазақ тарихындағы белгілі аналар өмірінен сыр шертетін сирек жәдігерлер қойылды.

Келушілер Ұлы жүзде аналардың анасы болған Домалақ ана, Орта жүздегі Абылай ханның келіні, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным ана, Кіші жүздің ханымдары Жәңгірдің әйелі Фатима, Әбіл­хайыр ханның зайыбы Бопай туралы тарихи әңгімелерді тыңдап, сол ғасырлардың тыныс-тіршілігін танытатын көне жәдігерлерді тамашалады.

Сондай-ақ, көрмеге Қыз Жібектің таққан белбеуіне ұқсас делінетін музей қорындағы құнды зер белбеу, суретші Әбіл­хан Қастеевтің «Күймедегі Жібектің бейнесі» картинасы қойылды.

Көрменің ең басты жәдігері - 1826 жылы Жәңгір ханмен бірге Петербор қаласында болып, ондағы Ресей патшасы қатысқан бал кешіне киген Фатиманың көйлегі болды. Бұл көйлектің көшірмесін алматылық қолөнер шебері Айжан Әбдібайытова тіккен.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз