БҚО-да ҮЕҰ-ға әлеуметтік тапсырыс беруге 106 млн теңге бөлінді

Батыс Қазақстан облысында үкіметтік ұйымдарға әлеуметтік тапсырыс беруге 106 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық кеңестің отырысы өткен. Оған қатысушылар меморгандар мен ҮЕҰ өзара байланысы мәселелерін талқылап, алдағы міндеттерді айқындады.

Кеңесті ашқан аймақ басшысы Н.Ноғаев ҮЕҰ мемлекеттің бірқатар фунцияларын сәтті орындап келе жатқанын айтты. Қазір облыста 600-ден астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, олар 14 бағытта қызмет атқарып келеді. Отырыста VІ Азаматтық форумда айқындалған міндеттердің іске асырылуына назар аударылды.

Биыл 89 жобаны жүзеге асыруға 106 млн теңге жұмсалмақ. Олардың ішінде 32 жобаны облыстық ішкі саясат басқармасы қаржыландырады.

«БҚО аудандарында ҮЕҰ көмегімен ауыл тұрғындары онкологиялық ауруларды анықтауға тексерістен өткізілді. Биылғы жылғы жоспарға келсек, бірінші жартыжылдықта азаматтық қоғамды қалыптастыру мен жергілікті өзін өзі басқаруды дамытуға азаматтарды тарту үшін ҮЕҰ-дың конференциясын өткіземіз», - деді «Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсы» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Гамал Түзелбаев.

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз