БҚО-да жылыту маусымы қорытындыланды

Оралда жылыту маусымы ойдағыдай өтті, деп жазады BNews.kz тілшісі аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коммуналдық нысандарда ешқандай төтенше жағдай тіркелмеген. Баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, бюджеттік мекемелер үшін 13 мың тонна көмір мен 3,6 мың тонна сұйық отын жеткізілген. 325 қазандық пен 663 білім беру нысаны, 434 денсаулық сақтау нысаны, 367 мәдениет нысаны, 9 әлеуметтік қорғау нысаны мен 1263 тұрғын үй жылыту маусымына дайындалған.

«Кәсіпорындардың өз қаржысы мен бюджет қаржысы есебінен 17,6 шақырым жылу желісі, 18,99 шақырым су мен кәріз жүйесі, 2820 шақырым электр желісі жөндеуден өтіп, қалпына келтірілген». Басқа да тиісті жұмыстар атқарылды деп көрсетеді баспасөз қызметі.

Барлық әлеуметтік маңызы бар нысандар мен Орал және Ақсай қалаларындағы орталықтандырылған жылыту жүйесінен жылытылатын тұрғын үйлерге жылу үздіксіз және тұрақты түрде берілген.

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз