БҚО: денсаулық сақтау мекемелеріне 60 автокөлік табыс етілді

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі медицина мекемелеріне жалпы құны 176,660 млн. теңге тұратын, қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған 60 автокөліктің кілтін табыс етті.

Өңір басшысының атап өткеніндей, Елбасы Н. Назарбаевтың меди­циналық көмек сапасын жақсарту, ха­лық­тың денсаулығын нығайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес облыстағы денсаулық сақтау мекемелерінің мате­риалдық-техникасы базасы күн­нен-күнге нығайып келеді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша адам өмірін ұзартуға септігі тиетін жаңа ауруханалар салынуда. Дәрі-дәрмекпен қам­ту, маман дайындау жақсы жолға қойылды. Облыста заманға сай, жаңа құрал-жабдықтардың ар­қа­сында бұрын мүмкін болмаған өте күрделі оталар жасалуда. Өт­кен жылы 15 дәрігер Оңтүстік Ко­реяда, Израильда біліктілігін арттырса, биыл 5 дәрігер шетелде дә­ріс алуда. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Жаңа көлікке қолы жеткен  мекемелер ішінде 12 аудандық аурухана (бұлардың кейбірі бір емес, екі көлікке бірден қол жеткізді), Оралдағы №1, 2, 3, 4, 5, 6 емханалар, облыстық туберкулезге қарсы диспансер, «Орал» туберку­лез шипажайы, облыстық көп бе­йінді балалар ауруханасы және «Жедел жәрдем» стансасы бар. Жедел және кезек күттірмей­тін медициналық көмекті жаңарту бағытында 2011 жылы «Жедел жәр­дем» стансасына «УАЗ» маркалы 14 санитарлық көлік, 2012 жылы «Hyndai» маркалы 7 реанимобиль, 2013 жылы «ГАЗель» маркалы 9 реанимобиль берілген болатын. 2009-2010 жылдары же­дел жәрдем қызметін жетілдіру  мақ­сатында бұл стан­­саға автоматтан­дырылған бас­қару жүйесі (АБЖ) және «АДИС» бағдарлама кеше­ні қойылды. АБЖ жүйесі бү­гінде барлық қалалық емхана­­ларға және Ақсай, Теректі, Тас­қа­ла аудандық ауруханаларына ор­натылған. 2010 жылы тұрғындарға аумақтық қыз­мет көрсету үшін қалалық емханаларға кезек күт­тірмейтін көмек бригадалары ен­гізілді. Осы бағыт­та қаладағы хал­қы тығыз орналасқан Заша­ған ауданының №6 емханасы қарамағындағы Круг­лоозерный және Теректі ауданының Подстепный ауылдық дәрі­герлік амбулатория­лары да жаңа көлікке ие болды.

null

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз