БҚО халқының 27 пайызын жастар құрайды

Батыс Қазақстан облысында 167 мың жас бар, бұл - өңір халқының 27 пайызы. Елбасы тапсырмасына сәйкес жастардың лайықты білім алып, өмірден өз орнын табуына, еңбек етуіне, ауылға барған жас мамандардың баспанамен қамтылуына барынша жағдай жасау керек. Бұл туралы 10 қыркүйек күні жастар мәселелері кеңінен талқыланған кеңесте облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

Әкімнің айтуынша, өңірде күні бүгін 87 жастар ұйымы қызмет атқаруда. 16 600 жас жоғары оқу орындарында, 24 700-і арнаулы орта білім ордаларында білім алуда. Жастардың 51 пайызы қалада, 49 пайызы ауылда тұрады. Жастардың қоғамдағы белсенділігін арттырудың маңызы зор.

Жиында баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің атап өткеніндей, облыста жастар ұйымдарының саны, оларға арналған қаржыландыру көлемі өсіп келеді. Дегенмен, кейбір көкейкесті мәселелер де бар. Соның бірі - жұмыспен қамту. Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша облыс жастарының жұмыссыздық деңгейі биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 4,4 пайыз құрады. Жұмыспен қамту органдарының көмегімен алғашқы жартыжылдықта барлығы 1971 жас маман жұмысқа орналасты. 2014 жылы «Жастар тәжірибесі» жобасына 177 млн. теңге бөлініп, 1097 түлек жастар тәжірибесіне жолданды. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге 436 жас маман жіберілді. Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы қатарына 818 сарбаз тартылды. 2014 жылы жоғары оқу орнын бітірген 5008 түлектің 4159-ы немесе 82,9 пайызы жұмыспен қамтылды. Жастардың баспанамен қамтылуы да назарда. Өткен жылы өңірде «Қолжетімді баспана» жобасы аясында төрт көпқабатты үй салынып, 360 адам пәтер алған. Биыл қалада 180 пәтерлік екі үй пайдалануға берілмек.

null

null

null

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз