БҚО әкімі «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып қайтқан Сәндібековтер отбасын қабылдады

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауынан оралған Сәндібековтер отбасын қабылдады. 

Кездесуде облыс басшысы отбасылық құндылықтарды сақтау, сол арқылы ел бірлігін нығайту бағытында Елбасы тапсырмасының орындалып жатқанын, ұлттық байқауда Сәндібековтердің де табысты өнер көрсеткенін атап өтіп, ескерткіш сыйлық табыс етті. Нұрболат және Гүли Сәндібековтердің алдағы жоспарларын, балаларының немен айналысқысы келетінін сұрап білді. 

«Бізге осындай құрмет көрсеткені үшін Елбасына, уақыт тауып, әңгімелескен облыс басшылығына алғысымызды айтамыз. Алдағы уақытта көршілес аудандарға, облыстарға шығып, өз өнерімізді көрсеткіміз келеді. Осыған билік орындары тарапынан қолдау-көмек болса дейміз», деді Н.Сәндібеков. 

2

 3 

4 

5 

6 

7 

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз