БҚО әкімі Орал халықаралық әуежайына күрделі жөндеу жүргізу барысымен танысты

15 қазан күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Орал халықаралық әуежайының күрделі жөнделу барысымен танысты.

1972 салынғаннан бері жөндеу көрмеген әуежайдың ұшу-қонау жолағын қайта құру екі кезеңмен жүргізілмек. Оның біріншісі биыл бітеді, екінші кезеңі алдағы жылы жалғасып, ұшу-қону жолағы кеңейтіліп, ұзартылмақ.

Өңір басшысының атап өткеніндей, жөндеу жұмыстары толық біткен кезде Оралға кез келген ұшақ қона алады. Соның нәтижесінде әуе жолдары арқылы ел ішінде ғана емес, сонымен қатар шетелдік мемлекеттермен қарым-қатынас жақсарады. Көшпелі кеңесте әкім мердігерлерге жасалып жатқан жұмыстың сапалы болуы керектігін ескертті.

Әуежайды жөндеп жатқан «К-Дорстрой» АҚ құрылыс кешенінің басшысы Нұрболат Ахметовтің айтуынша, 1 қыркүйектен бері бетон құю жұмыстары жүргізілуде (айта кетейік, бұған дейін мұндай технология елімізде Алматыда ғана қолданылған). Бұған сербиялық компания тартылған. Сонымен қатар ресейлік мамандардың қатысуымен апаттық-құтқару қызметіне арналған ғимарат салынуда. Алматы мен Астанадан келген мамандарды қоспағанда, жүз жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда бірінші кезең жұмысының 70 пайызы атқарылған, 25 қарашаға аяқтау көзделуде.

Әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеуге республикалық бюджеттен 6 млрд. астам теңге бөлінген.

Орал халықаралық әуежайының директоры Хайритден Рысқалиевтің сөзіне қарағанда, жөндеу кезінде Атырау қаласы әуежайымен келісім жасалды. Соған сәйкес Оралдан жолаушыларды Атырау әуежайына дейін барлық жағдайы бар автобустар жеткізуде. Сондай-ақ батысқазақстандықтар Ақтөбе арқылы да ұшуда. Қазірдің өзінде «Эйр Қазақстан» компаниясы байланыс орнатуға ниет білдіріп отыр. «Эйр Астана» да қарым-қатынасын қайта жолға қояды деген сенім бар. Басқа да әуе компанияларымен келіссөздер жүргізіледі.

Мұндай әуе жолағы ТМД елдерінде Мәскеудегі Внуково әуежайында ғана бар. 2015 жылы қайта құрылымдаудың екінші кезеңінде Орал әуежайы тағы бір айдай мерзімге жабылуы мүмкін.

null

null

null

null

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз