БҚО әкімі әскери қызметкерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

6  мамыр күні Орал қаласындағы ҚР ІІМ ішкі әскерлері «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай ашық есік және әскерге шақырылушы күні өткізілді.

Майор Ерболат Сұлтановтың хабарлағанындай, шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, сап түзеген сардарлар мен сарбаздарды мерекемен құттықтады. Ұлы Жеңіске халық пен жауынгерлердің қаһармандық ерлігі мен жанкешті еңбегі арқасында қол жеткенін атап өткен өңір басшысы бүгінгі әскери қызметкерлердің сол дәстүрге сай болуы керектігін атап көрсетті. Бұдан кейін үздік қызметкерлерге грамота, бағалы сыйлықтар, төсбелгілер табыс етілді.

«Батыс» өңірлік қолбасшысы, полковник Қайрат Ақтанов ел қорғаған ерлердің есімі мәңгі ұмытылмайтынын айтып, ардагерлер мен әскери қызметкерлерге ізгі тілегін жеткізді.

Содан кейін дала асханасы жанында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, облыс басшысының қатысуымен әсерлі әңгіме шертіліп, майдан әндері шырқалды, мерекелік концерт қойылып, ол басқа да мәдени-спорттық шараларға жалғасты.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз