БҚО әкімшілігі Көкпекті тұрғындарына бір күндік жалақыларын аударады

Батыс Қазақстан облысы әкімшілігі төтенше жағдай орын алған Көкпекті тұрғындарына бір күндік жалақыларын аударатын болды. Бұл туралы BNews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігі зардап шеккен Көкпекті тұрғындарына көмек көрсетуге құрылған қорға бір күндік жалақыларын аударатын болды. Аймақ басшысы кәсіпкерлерге, ірі компаниялар басшылығына бұл бастамадан тыс қалмай, көмек көрсетуге шақырды.

«Біз бұдан сырт қала алмаймыз, зардап шеккен Көкпекті тұрғындарына көмек көрсету парызымыз деп білемін. Мен барлықтарыңызды бұл бастаманы қолдап, отандастарымызға көмек қолын созуға шақырамын. 2011 жылы біздің облыста төтенше жағдай орын алған кезде еліміздің барлық өңірі жаппай көмек көрсеткен болатын», - деді облыс әкімі.

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз