Ағайын-туыс

1. Сыйласуға жат жақсы, жыласуға өз жақсы.

2. Ағайын бір өліде, бір тіріде керек.

3. Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық.

4. Жаман ағайын бар болсаң, көре алмайды,
           Жоқ болсаң, бере алмайды.

5. Жауда да бір үйің болсын.

6. Ағайын тату болса, ат көп,
           Абысын тату болса, ас көп.

7. Жаман да болса ағамыз,
           Жақсыны қайдан табамыз?

8. Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді.

9. Жақыныңды жат етсең, жатқа күлкі боларсың.

10. Әпкенің үйі - кең жайлау.

11. Қасқыр да жолдасына қас қылмайды.

12. Бір көрген - таныс, екі көрген - туыс.

13. Жаман туыстан жат артық.

14. Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің,
           Кімнің алыс-жақынын іс түскенде білерсің.

15. Әулие де қасындағысын қолдайды.

16. Ағайын бірде араз, бірде тату.

17. Ағайының бай болса, асағаның май болар.

18. Туғаныңмен сыйыспасаң, кең дүниеге сыймассың.

19. Бір ауылда мың туысың болғанша,
           Әр ауылда бір туысың болсын.

20. Ырыс қашса да туыс қашпайды.

21. Төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бажа тату.

22. Ағайынмен алыстан сыйласқан жақсы.

Қазақ

Метко сказано: