Аңқаулық, кішіпейілділік, сыпайылық

1. Екі кісі сығылысса, бір кісілік орын бар.

2. Дастарқан басында отырып,
           Қонақ аяғын алысқа көсілмес.

3. Есекке күміс ер жараспас.

4. Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп,
           Құлағынан айырылыпты.

5. Әншейінде ауыз жаппас, айт дегенде өлең таппас.

6. Айран сүрай келіп, шелегіңді жасырма.

7. Сыпайы сырын жасырмас,
           Пұшық мұрнын жасырмас.

8. Көптен дәметкен, аздан құр қалар.

9. Көрпеңе қарай көсіл.

10. Қойға қоңырау жараспас.

11. Жуас түйе жүндеуге жақсы.

12. Бір киікті бір тау аш қылмайды.

13. Аштан өлмей, көштен қалмай.

14. Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік қасиет.

15. Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды.

16. Көп тыңда, аз сөйле.

17. Кең жерде тар отырсаң, тар жерде кең отырарсың.

18. Кішіпейілділік - кісінің көркі.

19. Жат үйінде жатық бол.

20. Итке тұмар жараспас.

21. Жуас тананы бақташы мінеді,
           Жуас адамды әркім іледі.

22. Сиырға ер жараспас.

23. Ақсақ ат алтынмен тағаласаң да ақсайды.

24. Есекке үкі тақпайды, ешкіге жабу жаппайды.

25. Бойың қысқа болса, түйеге мін,
           Бойың ұзын болса, есекке мін.

26. Сыпайы тоңбас, қалтырар.

27. Мыңды айдаған, бірді мінеді.

28. Бір тойда екі жар жоқ.

29. Нысап сайын береке.

30. ¥ялған сыбағасынан құр қалар.

31. Аспандағы тырнаны ұстаймын деп,
           Қолыңдағы шымшығыңнан айрылма.

32. Құр алғыс азық болмайды.

33. Есіктен орын тапсаң, төрге озба.

34. Қой аузынан шөп алмас.

35. Барымен базар.

36. Бар болсаң жоқпын деме, жоқ болсаң тоқпын деме.

37. Жетімге жеті бидай да тамақ.

38. Айтпас жерде аузыңды тый,
           Қышынбас жерде қолыңды тый.

39. Бір басқа - бір көз.

40. Өзінің шарқын білген, өзгенің нарқын біледі.

41. Барымен базар, жоқты қайдан қазар.

42. Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме.

43. Лақпын деп ойлайды тоқал ешкі.

44. Қанағат қарын тойғызады,
           Қанағатсыздық жалғыз атты сойғызады.

45. Кішіпейілділіктен кішіреймессің.

Қазақ

Метко сказано: