Арман, мақсат

1. Құсты қанат ұшырар, ерді талап ұшырар.

2. Арман - адамға қанат.

3. Талап - талмас қанат.

4. Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда.

5. Жан қиналмай жұмыс бітпес,
           Талап қылмай мұратқа жетпес.

6. Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқ.

7. Жақсы ниет - жарым ырыс.

8. Армансыз адам алысқа бармас.

9. Талабы жоқ жас ұлың - жалыны жоқ шоқпен тең.

10. Іздеген мұратына жетеді.

11. Соқырдың тілегені екі көзі.

12. Үмітсіз - шайтан.

13. Тұлпарды алтын тағамен тағаласа,
            Есек те емексіп аяғын көтереді.

14. Тауықтың түсіне тары кіреді.

15. Жарлы бай болам дейді, бай құдай болам дейді.

Қазақ

Метко сказано: