Ашушаңдық, ұстамдылық, шыдамдылық

1. Ашынған тілді болады.

2. Ашу арындайды, ақыл аяңдайды.

3. Қатты жауған күн тез ашылады,
           Қатты ашуланган кісі тез басылады.

4. Ашу - пышақ, ақыл таяқ.

5. Көш жүре түзелер.

6. Ағаш та ұстаған жерінен сынбайды.

7. Орынсыз ашу - от шашу.

8. Аюды жеңген - жарты ер, ашуды жеңген - бүтін ер.

9. Қанша берік дегенмен тәуекел де кажиды.

10. Көзі қарайған там сүзер.

11. Ас тасыса, қатығы төгілер,
          Ашу тасыса, ақылы төгілер.

12. Қой алты күн аштыққа шыдайды.

13. Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады.

14. Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

15. Битке өкпелеп, тоныңды отқа тастама.

16. Қырқына шыдаған, қырық біріне де шыдайды.

17. Ауырды нар көтереді, әзілді жар көтереді.

18. Ашу - дүшпан, ақыл - дос.

19. Жаманның ашуы басы жерге тигенше,
           Жақсының ашуы шәйі орамал кепкенше.

20. Асықпаған арбамен қоян алады.

21. Ашу келсе - ақыл кетер, ашудан ақыл көп болса,
           Ашу не етер?

22. Ашу үстінде ант жүрмейді.

23. Ашу - дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа ақыл қос.

24. Айырылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа.

Қазақ

Метко сказано: