Бекер, бекершілік

1. Қасқыр байлағанға көнбес,
         Шошқа айдағанға көнбес.

2. Есекті қанша ұрсаң да, ат болмас.

3. Тікенек шыққан жерге тікенек шығады,
         Гүл өскен жерге гүл шығады.

4. Жаман болатын жігіт шегіншек келер.

5. Желмен жарыспа, көлеңкеңді қума.

6. Қарға мақтанып сұңқар болмас,
         Есек мақтанып тұлпар болмас.

7. Арықты мінгенше, аяғыңа мін.

8. Айды етегіңмен жаба алмассың.

9. Есек барға саналса да, малға саналмайды.

10. Ағаш қисығын тез түзетер,
         Адам қисығын көр түзетер.

11. Шыбынға шоқпар көтермес болар.

12. Дария жанынан кұдық қазба.

13. Оқ жетпес жерге қылыш суырма.

14. Өткен іске өкінбе, жетпесті қума.

15. Қолың көтермейтін шоқпарды беліңе байлама.

16. Өзі сөнейін деп тұрған отқа су бүрікпе.

17. Біреу қыз алып қашады,
         Біреу құр лағып қашады.

18. Қашпаған сиырдың уызына қаратып.

19. Әлін білмеген әлек.

20. Есепте бар да, санда жоқ.

21. Жаманға айтқан ақыл, жапанға атқан оқпен тең.

22. Балта сабынан озбайды.

23. Қамысты жаққанымен шоғы болмас,
         Көк суды ішкенменен тоғы болмас.

24. Артық қылам деп, тыртық қып.

25. Жапалақ сыйпағанмен сұңқар болмас.

26. Мың қайғы бір борышты өтемейді.

27. Сөзіңді айт ұққанға,
         Айтып-айтпай не керек, құлағына мақта тыққанға.

28. Ит үреді, керуен көшеді.

29. Ит балалап сауын болмас,
         Бұлт болмай жауын болмас.

30. Татарға тілмаш не керек.

31. Төбелестен кейін жұдырық.

32. Толмасқа құйма, тоймасқа берме.

Қазақ

Метко сказано: