Бейбітшілік, тыныштық

1. Ер шекіспей, бекіспейді.

2. Сөздің басы қатты болса, аяғы тәтті болады.

3. Суды құм бөгейді, дауды қыз бөгейді.

4. Жел - дауылдың шақырушысы.

5. Шөптің басы жел тұрмаса қимылдамайды.

6. Тек жүрсең тоқ жүрерсің.

7. Мұрын болмаса, екі көз бірін-бірі шұқыр етеді.

8. ¥рыс бар жерде ырыс тұрмайды.

9. Сүзеген бұқа мүйізін жасырмайды.

10. Оқтаулы мылтық мың күн тұрса, өзі атылады.

11. Қияңқы байтал екі айғырды қырқыстырады.

12. Қылыш түбі - ұрыс.

13. Қылыштың міндеті - кесу,
            Қолдың міндеті - шешу.

14. Күшті қауіпті емес, кекшіл қауіпті.

15. Итпен ит ырылдасса - тамағының тоқтығы,
          Жігітпен жігіт қырындасса - ынтымағының жоқтығы.

16. Күндес - күнде өш.

17. Ел болам десең достас, қор болам десең қастас.

18. Оң қолыңа сол қолың арашашы болсын.

19. Алысты жақындататын ат,
           Жақынды алыстататын жат.

20. ¥рыспай айырылған ұялмай қосылады.

21. Тіріде сыйласпаған өлгенде жыласпайды.

22. Досың мың болса - аз,
          Дұшпаның біреу болса - көп.

23. Бәле қуған бәлеге жолығады,
          Жала қуған жалаға жолығады.

24. Аш құлақтан тиыш құлақ.

25. Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.

26. Жабулы қазан жабулы қалсын.

27. Жауды аяған жаралы қалады.

28. Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл жеңеді.

29. Үйреніскен жау атыспаққа жақсы.

30. Дау даудан қорқады.

31. Дұшпаннан түк тартсаң да пайда.

32. Қас боп жүріп, дос болғанға мақтан,
          Дос боп жүріп, қас болғаннан сақтан.

33. Таспен ұрғанды аспен ұр.

34. Ер татулығы - ел татулығы.

35. Тоқтығында жараспаған, аштығында қараспайды.

Қазақ

Метко сказано: