Дәуір, уақыт

1. Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

2. Әр адам өз заманының баласы.

3. Кешегі күннен алыс жоқ, ертеңгі күннен жақын жоқ.

4. Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас.

5. Мезгіл жетсе, мұз да ерір.

6. Адамды заманы билейді.

7. Заманына карай заңы, тоғайына қарай аңы.

8. Әр айдың аты басқа.

9. Заманың қалай болса, бөркіңді солай ки.

10. Әр заманда бір көреген.

11. Ескіні еске алмай, жаңа жадыңа түспейді.

12. Әр нәрсе өз уақытымен қызықты.

13. Өткен күнді қуып жетпессің.

Қазақ

Метко сказано: