ЕРКЕК - БАС, ӘЙЕЛ - МОЙЫН

Жігіттің бағасы білегі мен басында.
Арудың сұлулығы көзі мен қасында

Наурыз келсе, мұз жатпас,
Күйеу келсе, қыз жатпас.

Қыз бесікте,
Жасау сандықта,
Кел де құда түсе бер.

Ер азаматты өгіз қылатын да әйел,
Нағыз қылатын да әйел.

Азамат пен арлан түзде,
Әйел мен мысық үйде.

Сұлу қыз саған ғашық па,
Өзіне ғашық па?!

Сұлулық — тойда,
Махаббат күнде қымбат.

Сұлуға үйленген жігіт
Досынан айрылады.

Сұлулық өткенше,
Махаббат өлгенше!

Көрікті ме, көріксіз бе?
Шам сөнген соң бәрібір!

Көзбен сынау аз,
Қызды құлақпен де сынау керек!

Жақсы аққу өз көлінде, 
Жақсы ару өз елінде!

Кісінеген сәуріктен,
Кісімсіген жігіттен без!

Қыздың иініне қарттың,
Киіміне жастық көзімен қара.

Көзге көркі,
Көңілге құлқы ұнаса ғой!

Қызды бір көргенде әлі жастау,
Енді бір көргенде
Уақыты өтіңкіреп кеткен болып шығады.

Жалқау қатын өлгенде
Артында жеті күндік шаруасы қалады.

Баласыз үйде мереке,
Әйелсіз үйде береке жоқ.

Ері іскердің
Әйелі ісмер.

Бір әйелдің наны піскенше
Бір әйелдің наны күйіп те үлгереді.

Бір жігіт мазаққұмар, өсекшіл, салғылашқыш келеді үрпиіп
Бір жігіт іскер, жарамды, ұстамды келеді пайдасы жарап.

Бақаның баққаны көл,
Әйелдің баққаны ер.

Ер мен әйел бір бүтін
Яки от пен түтін.

Кейбір әйел еркекті есекке айналдырса, Кейбір әйел есекті еркекке айналдырады.

Өзгенің үйрегі қаз көрінеді,
Қатыны қыз көрінеді.

Әйелдің үстіне әйел алу, ол, тоқ қарынды боқ қарынға айналдыру.

Өңірі алтын,
Көңілі салқын кімге керек?!

Елдің көркі Ер,
Ердің көркі Ару.

Түлкі ізін құйрығымен үтіктейді,
Сұлу жігітті етегімен жетектейді.

Келіншегің сұлу болса,
Құрдастарың қыли болсын!

Әдемі азаматтың әйелі тез қартаяды.

Өсек шағыстырады,
Төсек табыстырады.

http://aitaber.kz сайтынан

Қазақ

Метко сказано: