Жалғыздық, сүйеніш, көмек

1. Жалғызға ұжмақ та жараспайды.

2. Жалғыз ағашты жағу қиын,
         Жалғыз баланы бағу қиын.

3. Жалғыз тері тон болмас, жалғыздың сөзі оң болмас

4. Жалғыз батыр жауға жоқ, жалғыз жігіт дауға жоқ.

5. Екі бас, екі басқа малта да ас.

6. Жақсы ат жанға серік, жақсы ит малға серік.

7. Жалғыз үйдің тамағы жетсе де, табағы жетпес.

8. Қанша жуан болса да, жалғыз ағаш үй болмас,
          Қанша жақсы болса да, жалғыз жігіт би болмас.

9. Ер қанаты - ат.

10. Жақсы ит - иесінің көзі-құлағы.

11. Жалғыз қаздың үні шықпас,
          Жалғыз қыздың мұңы шықпас.

12. Жалғыз иттің үргені білінбес,
          Жалғыз кісінің жүргені білінбес.

13. Жалғыз ағаш орман болмас,
          Жалғыз кірпіш қорған болмас.

14. Жалғыз кісі жауынгер емес.

15. Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас

16. Жалғыз ағаш пана болмас, жалғыз бие саба болмас.

17. Жалғыз түйе бақырауық, жалғыз бала жылауық.

18. Бір қарлығаш келгенімен жаз болмайды.
          Бір сауысқан келгенімен қыс болмайды.

19. Үйірінен айырылған малды қасқыр жейді.

20. Ит - адамның құлағы.

21. Ағасы бардың жағасы бар,
          Інісі бардың тынысы бар.

22. Желген атқа жел жаңғырық.

23. Құдай жалғыз, мен жалғыз.

24. Сүйеушісі бар болса, сүйек жұтса да қақалмайды.

25. Өз қотырымды өзіме қасытты.

26. Әйт-шуу деген атанға демеу, әуп деген ерге демеу.

27. Жалғыз шапқан ат жүйрік.

28. Жарлы болар жігіт байталын атқа айырбастайды,
          Жалғыз болар жігіт ағайынын жатқа айырбастайды

29. Саяқ жүрсең таяқ жерсің.

30. Жаяудың жүрісі өнбейді,
          Жалғыздың бір ісі өнбейді.

31. Жанашыры жоқ адам, жал-құйрықсыз атпен тең.

32. Сиынғаныңнан сүйенгенің күшті болсын.

33. Жалғыз жан - жарым жан.

34. Жалғыз шауып бәйге алмас.

Қазақ

Метко сказано: