Дала өртеніп, трактор жанып кетті, екі адам зардап шекті

Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округіндегі екі шаруа қожалығының жері мен қос қыстақ маңында дала өрті орын алды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, жалпы көлемі 325 га шалғынды от шалды.

Аталған ауылдық округ орталығының тұрғыны У-дің «МТЗ-50» тракторы өрт ішінде қалғанда, оны алып шығуға әрекет еткен осы азаматтың  бірі студент, бірі кәмелетке толмаған екі ұлы  термиялық күйік алып, облыс орталығындағы медициналық мекемеге жіберілген. Олардың денсаулығына қазір қауіп жоқ.

Ал трактор түгелдей өртеніп кеткен.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз