Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» алдағы ойындарын Краснотурьинскіде «Динамо-Маяк» командасымен өткізеді

Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» кеше Екатеринбургте жергілікті «СКА-Свердловск» командасымен екінші кездесуін өткізді.

Өкінішке қарай, оралдықтар 4:9 есебімен жеңіліп қалды. «Ақжайықтан» Ескендір Нұғманов, Сергей Башаев, Арыстан Қазыбаев, Максим Өтебалиев мергендік танытты. Бірінші матчта оралдықтар 7:6 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Еншісінде әзірге үш-ақ ұпайы бар батысқазақстандықтар алдағы ойындарын 2-3 желтоқсанда тағы да сырт айдында, Краснотурьинскіде «Динамо-Маяк» командасымен өткізеді.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз