Дзюдо: батысқазақстандық қыздар Самарадан жүлдемен оралды

Ресейдің Самара қаласында дзюдодан олимпиада резерві училищелері арасында өткен дәстүрлі ашық турнирден батысқазақстандық қыздар жүлдемен оралды. 

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған жарысқа Ресейден 14 және Қазақстаннан бір команда қатысты. БҚО құрамасы екі күміс, қос қола жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, Алмагүл Орынғалиева 63 келі, Гауһар Ермағамбетова 57 келіде екінші орынға көтерілді. Ал Ғарифа Жармаева (48 кг) мен Ақзер Хамидулина (40 кг) қола медальді еншіледі.

Дзюдошы қыздарды Азамат Қапсатов пен Қасым Қаженов жаттықтырып келеді. 

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз